94 жасқа толған Бибігүл Төлегенова үндеу жасады

Аиса Махамбет Редактор
16.12.2023, 13:23
2942
94 жасқа толған Бибігүл Төлегенова үндеу жасады видеодан алынған кадр

Бибігүл Төлегенова қандай үндеу жариялады?

Smart News басылымының хабарлауынша, Бибігүл Төлегенова отандастарына арнаған үндеуінде барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

16 желтоқсан тек Тәуелсіздік күні ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенованың туған күні.

"Құрметті достар! Сіздердің баршаларыңызды, мемлекетіміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, баршаларыңызға зор денсаулық тілеймін, ұзақ өмір тілеймін. Кеше жауған аппақ қардай аппақ көңіл тілеймін. Тыныштық болсын, елімізде амандық болсын. Іштегі дау, сырттағы жаудан сақтасын. Аман-есен болыңыздар. Келесі мерекелерді де аман-есен қарсы алайық. Мереке құтты болсын! Келе жатқан Жаңа жылдарыңыз да құтты болсын!" - деді Бибігүл Төлегенова.

Еске сала кетсек, опера әншісі 1929 жылы 16 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында туған. Аты аңызға айналған қазақстандық опера әншісі, актриса әрі педагог, Социалистік еңбек ері, КСРО халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның бірнеше наградалары мен атақтарына ие болған.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген